FlyArystan рейстеріне тіркелу ақылы болады

© Sputnik / Владислав ВодневСамолеты на взлетно-посадочной полосе
Самолеты на взлетно-посадочной полосе - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Бүгіннен бастап "FlyArystan" компаниясының халықаралық рейстеріне әуежайда тіркелу қызметі ақылы болады. Ал онлайн тіркелу тегін болып қала береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Рейске тегін онлайн тіркелу FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com сайтында "Тіркелу" батырмасы арқылы жасалады. Ал 2023 жылдың 3 тамызынан бастап ұшып шығатын халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу қызметі ақылы болады.
"Әуежайда тіркелу" қызметін қосымшадан немесе сайттан алдын ала сатып алу - 5 000 теңге (10 евро);
әуежайда рейстің алдында тіркеу бағанасынан тіркеуден өту - 10 000 теңге (20 евро).
Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу рейске 30 күн бұрын ашылып, 60 минут қалғанда жабылады.
"Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу кезінде отырғызу талоны берілмейді, қауіпсіздік мақсатында, қажетті құжаттарды тексеріп, отырғызу талонын басып шығару үшін тіркеу бағанасына міндетті түрде келу қажет", - дейді компания мамандары.
Жаңалықтар
0