"Азық-түлік дәретхана бөлмесінде сақталған": Қызылордада лагерьлер тексерілді

© Photo : Пресс-служба прокуратуры Кызылординской областиПрокуратура Кызылординской области обнародовала результаты проверки загородных лагерей детского отдыха
Прокуратура Кызылординской области обнародовала результаты проверки загородных лагерей детского отдыха - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2023
Жазылу
ҚЫЗЫЛОРДА, 5 тамыз — Sputnik. Қызылорда облысының прокуратурасы өңірде жұмыс істеп тұрған қала маңындағы балалар лагерьлерінің қызметін тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бас прокурор демалыс лагерьлерінің қызметін тексеруді тапсырған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес Қызылорда облысында прокурорлар тексеру жүргізу кезінде балалар лагерлерінде көптеген бұзушылықтарды анықтады", - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Сонымен прокурорлар Шиелі ауданында орналасқан "Сыр ұланы" лагерінің қызметін тексеру барысында азық-түліктің ескі дәретхана бөлмесінде сақталғанын және балалар үшін жуынатын бөліменің жоқ екенін анықтады.
"Ал Қазалы ауданындағы "Шағала" лагерінде балалар суы лас бассейнде шомылғаны, сондай-ақ микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша асханалық ыдыста ішек таяқшасы анықталған",- деді қадағалау органындапғылар.
Сырдария ауданындағы "Жалын" лагерінде төсек-орын жабдықтарын (матрастарды) дезинфекциялау және басқа да көптеген санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмаған.
Биыл білім беру органдары 8 мыңға жуық баланы балалар лагеріне жіберуді жоспарлаған, оның ішінде бүгінгі күнде 3464 бала демалып үлгерген.
Жалпы, лагерьлердің қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Лагерь ғимараттары ескі, олардың кейбіреулері күрделі жөндеуді қажет етеді.
"Қазіргі уақытта уәкілетті органдардың қорытындылары күтілуде, олардың нәтижелері бойынша алдағы уақытта құзырлы орган тиісті шаралар қабылдайды.Бұл жұмыстар облыс прокуратурасының бақылауында", - деп атап өтті ведомство.
Алкогольная продукция в баре - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2023
Қостанай облысында балалар лагерінен спирттік ішімдіктер табылды
Жаңалықтар
0