Видео

Испанияда адамдардан мұнара тұрғызылды – видео

Жазылу
Испанияның Вальс қаласында жанды адам денелерінен көп деңгейлі мұнара тұрғызылды. Кейбіреуі құлап кете жаздады. Қалай болғанын видеодан көріңіз
Испанияның Таррагона провинциясындағы Вальс қаласына жақын жерде адамдар мұнарасы деп аталатын жарыс өткізілді. Мұндай жарыстар екі жүз жылдан бері өткізіліп келеді.
"Адамдар мұнарасы" жергілікті халықты шаттандырып, таңғалдырады. 13 жыл бұрын оларды тіпті ЮНЕСКО материалдық емес мұра ретінде таныды.
Мұндай жарыстардың мақсаты – ең биік және ең күрделі адамдар мұнарасын тұрғызу. Қатысушылардың ешқайсы құлап кетпеуі керек.
Әдетте, адамдар мұнарасын әр түрлі жастағы ерлер мен әйелдер командасы жасайды, оларды кастельерлер деп атайды.
Жаңалықтар
0