Қызылорда облысында жеті жастағы қыз жоғалып кетті

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской области Спасатели
   Спасатели  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында 7 жастағы қыз бала бір күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қармақшы аудандық полиция бөлімініне 2016 жылы дүниеге келген Жібек Дәуренбекқызының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Ол 6 тамызда сағат 18:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған. Қармақшы аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы оны іздеуге жұмылдырылды.
"Жібек Тұрмағанбет ауылының №29 мектептің 2 сыныбында оқиды. Бойы 135-140 см, арық денелі, шашы сарғыштау, көздері қысыңқы келген. Қызды іздеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз", - деп мәлім етті Қармақшы аудандық полиция бөлімінен.
Жаңалықтар
0