Көмірді теміржолмен әкетуге шектеу енгізіледі

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КТЖ"Жүк пойызы
Жүк пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналды-тұрмыстық көмірдің заңсыз экспортын шектейтін құжатты дайындап жатыр. Норма "Көмірдің жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы" үкімет қаулысының жобасында қарастырылған, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Былтырғы жылу беру маусымында еліміздің кейбір шекаралас өңірлерінде халыққа, білім беру және денсаулық сақтау нысандарына, сондай-ақ өзге де әкімшілік ғимараттарға арналған коммуналды-тұрмыстық көмірдің тапшылығы байқалған.
"Мұндай жағдай ішкі нарыққа арналған коммуналды-тұрмыстық көмірді қолжетімді бағамен сатып алып, оны үстеме бағамен экспортқа сатқан жосықсыз кәсіпкерлердің кесірінен болды", - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты биыл мамыр айында нарықты тұрақтандыру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі елімізден көмірді автокөлікпен әкетуді шектейтін бұйрыққа қол қойған болатын.
Жоғарыда аталған құжат көмірді елімізден тыс жерлерге теміржол көлігімен тас немесе қоңыр көмірді өндіруге келісімшарттары жоқ немесе оны байытумен айналыспайтын және мамандандырылмаған бизнес субъектілерінің әкетуіне тыйым салуға бағытталған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2023
Қазақстан бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салу мерзімін тағы ұзартты
Жаңалықтар
0