Денсаулық

Таразда заманауи онкология орталығы ашылды

© Photo : ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіТаразда заманауи онкология орталығы ашылды
Таразда заманауи онкология орталығы ашылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Таразда заманауи онкология орталығы пациенттерді қабылдай бастады. Медициналық мекеме сәулелік терапияға арналған жоғары технологиялық үдеткішпен, соңғы КТ және МРТ аппараттарымен, эндоскопиялық және ең аз инвазивті жабдықтармен жабдықталған, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Орталықта халықаралық стандарттарға сәйкес реанимация және анестезиология бөлімшелері, сондай-ақ операциялық блок ұйымдастырылып, жарақтандырылды. Тәулік бойы және күндізгі палаталардағы жағдайлар пациенттер үшін жайлы және ыңғайлы.
© Photo : ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіТаразда заманауи онкология орталығы ашылды
Таразда заманауи онкология орталығы ашылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Таразда заманауи онкология орталығы ашылды
"Онкологиялық орталықта цитостатиктерді орталық сұйылтудың автоматтандырылған кабинеті ұйымдастырылған, бұл венаішілік инфузияға арналған химиялық, таргеттік және иммунологиялық-онкологиялық препараттардың ерітінділерін мүмкіндігінше дәл және жылдам дайындауға мүмкіндік береді. Консультациялық-диагностикалық емхана келушілер үшін барынша ыңғайлы. Барлық бөлімшедегі медицина қызметкерлеріне нәтижелі жұмыс үшін барлық жағдай жасалған", - делінген хабарламада.
Министрлік Тараздағы жаңа онкология орталығы жергілікті тұрғындарға онкологиялық көмектің заманауи әдістерінің толық спектрін ұсынатынын атап өтті. Енді пациенттерге сәулелік терапия алу үшін басқа өңірге барудың қажеті жоқ, өйткені орталық конформды сәулелік терапия, IGRT және IMRT сияқты озық әдістерді жүзеге асыруға қабілетті заманауи аппаратпен жабдықталған.
Қызылордада 36,4 млрд теңгеге жаңа аурухана салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Қызылордада 36,4 млрд теңгеге жаңа аурухана салынады
Жаңалықтар
0