Тоқаев Prometheus school мектебіне барды

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіМемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды
Мемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Жазылу
Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Prometheus school білім беру ұйымын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды.
Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.
Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр.
Мемлекет басшысына Enlightenment Power Group қоры жүзеге асырып жатқан жобалар туралы мәлімет берілді.
Қор директоры әрі мектептің бақылаушылар кеңесінің төрағасы Досым Бесбайдың айтуынша, 1400 оқушыға арналған "ФизТех" мектебін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мектеп түлектердің әлемдегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік туғызу үшін сапалы білім беруді көздейді. Мектеп құрылысын биыл қараша айында аяқтау жоспарланған. Жобаға тартылған инвестиция көлемі – 3,9 миллиард теңге.
Мемлекет басшысы Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.
Жаңалықтар
0