Балқашта жол апатынан тоғыз адам көз жұмды

© Sputnik/Ляля ЛиловаСкорая помощь
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2023
Жазылу
Бір адама ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Балқаш - Приозерск тас жолындағы апатта тоғыз бірдей адам көз жұмды, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ІІМ.
Қайғылы оқиға 19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында болған.
Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысқан.
"Салдарынан 9 адам сол жерде қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар жасалады.
Алматыда екі автобус соқтығысты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апаты: автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0