Биыл Алматыда 30 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

© Sputnik / Тимур Батыршин День знаний в Алматы - 2021
 День знаний в Алматы - 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Алматыда жаңа оқу жылында алғаш рет мектепке 30 146 бала барады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады.
“1-сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталды. Бүгінгі таңда 30 146 бала қабылданды, оның ішінде жекеменшік мектептерге баратын – 3 789 бала. Орта білім беру ұйымдарында пәндік кабинеттердің 75,6% жаңартылды”, - деді Жылқыбаева.
Оның айтуынша, биыл “Мектеп автобусы” жобасы басталады. Жалпы тасымалдау қажеттілігі 12500 баланы құрайды.
"Бүгінгі күні 100 мектеп автобусын сатып алынды. Биыл біз қаланың 7 ауданынан 30 мектептен 7 722 баланы тасымалдаймыз. Ол үшін тасымалдау қызметтеріне бюджетте 1,4 млрд. теңге қарастырылған. Оны “АлматыЭлектротранс” жүзеге асыратын болады”, - деп бөлісті спикер.
Три года дети в райцентре СКО учатся не в школе, а в здании отдела образования - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынды
Жаңалықтар
0