Сырдария өзеніне батып кеткен тағы бір адамның адамның денесі табылды

© Photo : Пресс-служба ДЧС Туркестанской области Тело еще одного утонувшего в Сырдарье обнаружили спасатели
Тело еще одного утонувшего в Сырдарье обнаружили спасатели  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Жазылу
Суға батып кеткен 11 адамның 9-ының денесі табылды
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар депаратаменті.
"Құтқарушылар сағат 12:25-те 25 жастағы адамның денесін судан алып шықты. Әзірге суға батып кеткен 11 адамның 9-ының денесі табылды. Қазіргі кезде кәмелетке толмаған 2 жасөспірім іздестіріліп жатыр, - делінген облыстық төтенше жағдайлар депаратаментінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, кеше Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында шомылуға барған 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-ауы – ересектер. Олар тыйым салынған жерде шомылған. Барлығы - бір әулеттің адамдары.
Бұған дейін суға кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылғаны хабарланған болатын.
11 человек утонули в реке Сырдарья - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті – оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Жаңалықтар
0