Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуСтуденттер, архивтегі фото
Студенттер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2023
Жазылу
Конкурсқа барлығы 14 612 адам қатысып, 8 359 адам грант иегері атанды
АЛМАТЫ, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанда магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.
Мемлекеттік білім гранттары республикалық комиссияның қорытындысы негізінде тағайындалған. Магистратураға грант иегерлерінің тізімі бүгін министрліктің сайтында және Telegram-арнасында жарияланды.
2023-2024 оқу жылына білім беру гранттары иегерлерінің тізімі
Жаңалықтар
0