Наурызым қорығындағы орман өрті сөндірілді

© Photo : Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіНаурызым қорығындағы орман өрті сөндірілді
Наурызым қорығындағы орман өрті сөндірілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2023
Жазылу
Тілсіз жау 807 гектарға жайылған
АЛМАТЫ, 23 тамыз – Sputnik. Наурызым мемлекеттік табиғи қорығындағы орман өрті сөндірілді, деп хабарлады Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Наурызым қорығындағы Бишағаш орманшылығы аумағындағы өрт 22 тамызда сағат 18:10-да сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша 807 га аумақ жанған.
"Алдын ала болжам бойынша 10 га алаңда құрғақ қамыс жанған. Өртті оқшаулауға қорық қызметкерлері қатарынан 30 адам және 15 техника жұмылдырылды", - дейді ведомство.
Қарамайшы бөлімшесінің ауданындағы өрт 22 тамыз күні сағат 18:53-те оқшауланды. Өрт периметрі бойынша қарауылдау және қосымша жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің себебі мен жалпы ауданы анықталады.
Пожарные наблюдают за пожаром, в Морено-Вэлли, Калифорния, США - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2023
Фото
Тілсіз жау: әлем елдерінде орман өрті жиіледі – фото
Жаңалықтар
0