Қазақстанның су мәселесіне қатысты талабы жоқ – Қырғызстанның су ресурстары қызметі

© Photo : пресс-служба правительства КыргызстанаҚазақстан мен Қырғызстанның тулары
Қазақстан мен Қырғызстанның тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2023
Жазылу
Кеше Су ресурстары қызметінің басшысы қазақстандық әріптестерімен сөйлесті
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанның су мәселесі бойынша Қырғызстанға талабы жоқ, деп хабарлады Қырғыз Республикасының Су ресурстары қызметінің басшысы Алмазбек Сокеев.
Sputnik Қырғызстан агенттігінің мәліметінше, ведомство басшысы Қырғызстан су беру бойынша өз міндеттемелерін орындап жатқанын айтты. Шілдеде Қазақстан Киров су қоймасынан (Қырғызстанның Талас облысы) өз лимитін босатуды сұраған. Ал қырғыз тарапы өтініштіорындаған, лимит 5 тамызда бітті.
"Кеше мен қазақстандық әріптестеріммен сөйлестім. Олар тағы бір рет ешқандай мәселе жоқтығын растады. Бұл өздерініңөтініші болатын. Олардың біздің елге ешқандай талабы жоқ. Қазақстан тарапы шекарадағы жағдайға су себеп емес екенін мәлімдеді", - деді Сокеев.
Оның айтуынша, БАҚ-та қырғыз тарапы суды тоқтатып, бермей жатыр деген жалған ақпарат тарап кеткен.
Шенеунік Қазақстан жағы суды Шу өзенінен алатынын атап өтті.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы кезек

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі Қазақстанмен шекарадағы "Ақ-Тілек" бақылау-өткізу бекетінің алдында 500-ге жуық көлік (кеше олардың саны 430 болған) жиналып қалғанын хабарлады. Екінші – "Кең-Бұлұн" өткізу бекетінде 146 жүк көлігі тұр. Қырғызстаннан Қазақстанға бір күнде 112 көлік жолға шыққан.

Қазақстан ҰҚК-нің түсініктемесі

Шектеу шаралары енгізілген жоқ, бақылау-өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады кеше ҚР ҰҚК.
Жаңалықтар
0