Алматыда Конституция күні қалай тойланады

© Sputnik / Ксения ВоронинаФейерверк на открытии ЭКСПО-2017 в Астане
Фейерверк на открытии ЭКСПО-2017 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2023
Жазылу
Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Алматыда қаласында Конституция күніне арналған мерекелік шаралар 29 тамызда басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сол күні кешкі сағат 19:00-де Абай алаңында үлкен концерт өтеді. Іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Соның ішінде "Мұзарт" және "Жігіттер" тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Дугалова, Hey Monro және тағы басқа танымал әншілер бар.
Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады.
Сондай-ақ 29 тамызда басқа аудандарда мерекелік шаралар өтеді.
Әуезов ауданындағы салтанатты іс-шара (11:00, Family Park демалыс саябағы);
Наурызбай ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған концерт (11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығы (Шұғыла шағын ауданы, 347/4);
Алатау ауданында Конституция күніне арналған концерт (16:00-де, Атлетикалық ауыл аумағы);
Бостандық ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт (17:00-де, MEGA Alma-Ata СОО амфитеатры);
Түрксіб ауданында қазақстандық жұлдыздар мен көркем ансамбльдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама (18:00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 бойынша 6 оқушылар үйінің аумағы);
Жетісу ауданында Конституция күніне орай салтанатты концерт (19:00-де "Гүлдер" саябағы, Серіков көшесі, 2а);
Ал Медеу ауданындағы Конституция күніне арналған мерекелік концерт 30 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында басталады. Мекенжайы: Гоголь көшесі, 1.
Алмалы ауданы да негізгі концертті 30 тамызда сағат 17:00-де Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өткізеді.
Сол күні Конституция күніне орай бірқатар спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылады.
Қазақстан Конституциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Дерекқор
30 тамыз – Конституция күні: қазақстандықтар демала ма
Жаңалықтар
0