Тұруға арналмаған нысанды жалға бергендердің жазасы қатаңдатылуы мүмкін

CC0 / Ashish_Choudhary / Ключи в руке
Ключи в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2023
Жазылу
Астанаға келген қазақстандық тұрғылықты жері бойынша тіркелуі керек
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстанда адам тұруға арналмаған нысанды тұрғын үй ретінде жалға бергендердің жазасы қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы журналистермен кездесуде Еңбек министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Айыппұл екі есе ұлғайтылуы мүмкін – 15 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 30 айлық есептік көрсеткішке дейін (103 000 теңгеге немесе 220 долларға дейін).
"Астанада тұруға, қалаға кіруге және шығуға ешқандай шектеу жоқ. Мұндағы шектеу адам тұруға арналмаған ғимаратты жалға беретіндерге ғана қатысты. Мысалы, гараж. Ол адамға тіркеу жүргізілмейді. Осындай нысандарды жалға берген тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Атап айтқанда, айыппұлды 15 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін (51 750-ден 103 500 теңгеге дейін) арттыру жоспарлануда", - деді Тамара Дүйсенова.
Ол сондай-ақ Астанаға келген қазақстандық тұрғылықты жері бойынша тіркелуі керек екенін айтты.
"Жұмыс тобы тарапынан ешқандай шектеу ұсынылмағанын немесе қарастырылмағанын айтқым келеді. Бас жоспарға сәйкес 2035 жылға қарай Астанада 2,5 миллионнан астам адам тұратыны есімде бар. Елорданың Бас жоспарында осынша адам үшін инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысын кеңейту қарастырылған. Ешқандай шектеу жоқ", - деді министр.
Тамара Дуйсенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2023
“Астанаға кіруге шектеу жоқ”: Тамара Дүйсенова ақпаратты жоққа шығарды
Жаңалықтар
0