Видео

Президент Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына жолдауы не туралы болады?

Жазылу
"Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы қарсаңында сарапшылардың пікірталас кездесуі өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында елдің экономикалық саясатына қатысты өз ұстанымын баяндауды жоспарлап отыр.
Осыған байланысты сарапшылар елдегі экономикалық жағдайды, сондай-ақ президентжариялауы мүмкін міндеттер мен бағыттарды талқылайды. Сонымен қатар жиынға қатысушылар мемлекет басшысының өткен жылғы жолдауының жүзеге асырылу барысын сөз етеді.
Қатысушылар:
Марат Советұлы Бәшімов, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты;
Әнуар Абайұлы Нұртазин, экономист;
Жанар Қайыржанқызы Төлендинова, "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының атқарушы директоры.
Жаңалықтар
0