Жаңадан 5 министрлік құрылды

© Sputnik / Владислав ВодневМинистрліктер үйі
Министрліктер үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Жазылу
Марат Қарабаев, Дархан Қыдырәлі, Асхат Оралов және Зүлфия Сүлейменова лауазымынан босатылды
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жаңадан 5 министрлік құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлығымен:
1.
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
2.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
3.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
4.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
5.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.
Осыған байланысты мемлекет басшысының жарлығымен Марат Қарабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі, Асхат Оралов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі, Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.
Жаңалықтар
0