Қазақстан агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспортын ұлғайтты

© PhotoОвощи, фрукты. Иллюстративное фото
Овощи, фрукты. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Жазылу
Экспортқа шығарылатын үздік 5 өнім - бидай, ұн, күнбағыс майы, зығыр тұқымы және арпа.
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті ($2,6 млрд-тан $2,7 млрд-қа дейін), деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Алғашқы жартыжылдықта өсімдік шаруашылығы өнімінің экспорты $1,56 млрд болды, бұл өткен жылдың 6 айындағы көрсеткіштен 4,7%-ға көп ($1,49 млрд). Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты $80 млн құрады, бұл өткен жылдың 6 айының көрсеткішінен 18%-ға асып түсті (67,8 млн)", - делінген хабарламада.
Өңделген өнімнің экспорты бірінші жартыжылдықта $1,1 миллиардқа жетті, бұл 2022 жылғы 6 айдағы көрсеткішінен 5%-ға көп ($1 млрд). Осы кезеңде агроөнеркәсіп кешені өнімі экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 40,1%-ды құрады.
Сыртқы нарықтарға жеткізілетін үздік 5 өнімге бидай, ұн, күнбағыс майы, зығыр тұқымы және арпа кіреді.
Үшқарасуға 1,7 мыңнан астам доза вакцина мен дезинфекциялау құралдары жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Ауыл шаруашылығы министрлігі сібір жарасы туралы қауесетті жоққа шығарды
Жаңалықтар
0