Бейбіт Ыстыбаев басшылық қызметке тағайындалды

© ИА "Новости-Казахстан", Болат Шайхинов "Қазақстан барысының" финалы, Бейбіт Ыстыбаев
 Қазақстан барысының финалы, Бейбіт Ыстыбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2023
Жазылу
Ол бұған дейін Жамбыл облысы мәслихатының 7 шақырылым депутаты, "Жекпе-жек" клубының директоры болды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. "Қазақстан барысының" үш дүркін жеңімпазы жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Жамбыл облысы әкімдігінің ден ешынықтыру және спорт басқармасының "Спорттың олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылында1985 жылы туған. 3 дүркін "Қазақстан барысы" атанды. Еуразия барысында алтын белдік иеленген.
Жамбыл облысы мәслихатының 7 шақырылым депутаты, "Жекпе-жек" клубының директоры болған.
Жаңалықтар
0