Қоғам

Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшы келді

Айдарбек Сапаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Жазылу
Ербол Қарашөкеев министр қызметінен босатылды
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне Айдарбек Сапаров тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген жарлық мәтінінде.
Сапаров 2022 жылғы желтоқсаннан бері Солтүстік Қазақстан облысын басқарған болатын.
Сондай-ақ президент Ербол Қарашөкеевті ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатты. Қарашөкеев бұл қызметті 2021 жылғы қыркүйектен бастап атқарды.

Сапаров туралы не білеміз

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдады.
Әртүрлі жылдары "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, ауыл шаруашылығы министрлігінің СҚО басқармасының басшысы, СҚО облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, СҚО Шал ақын ауданының әкімі, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, СҚО әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, СҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылы ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ал 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бүгінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.
Тимур Сүлейменов - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Қоғам
Ұлттық банкті Тимур Сүлейменов басқарады
Жаңалықтар
0