"Біздің бір ғана Отанымыз бар": Президент әскерилер алдында сөз сөйледі

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілер алдында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілер алдында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Жазылу
Президент елімізді, жерімізді қорғау баршамызға ортақ қасиетті парыз екенін атап өтті
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілер алдында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорданың телеграм каналы.
Мемлекет басшысы оқу-жаттығу жиынына жұмылдырылған бөлімшелердің дайындық деңгейіне оң баға берді. Сонымен қатар президент бұл оқу-жаттығу жиындары күрделі геосаяси кезеңде өткізіліп отырғанына назар аударды.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы "Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды
Глава государства посетил стратегические командно-штабные военные учения Батыл тойтарыс – 2023 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Мемлекет басшысы "Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды
"Бүгінде әлемдік қорғаныс жүйесінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Қазіргі ұрыстардың әдіс-тәсілдері де басқа, әсіресе, гибридтік соғыс түрлері кең таралуда. Шабуылдар әскери ғана емес, ақпараттық, психологиялық, саяси, экономикалық және басқа да сипат алуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет. Бұл – заманауи әрі кәсіби әскерге қойылатын басты талап. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақстан. Елімізді, жерімізді, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды қорғау – баршамызға ортақ қасиетті парыз!", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства посетил стратегические командно-штабные военные учения "Батыл тойтарыс – 2023"
Глава государства посетил стратегические командно-штабные военные учения Батыл тойтарыс – 2023 - Sputnik Қазақстан
1/6
Глава государства посетил стратегические командно-штабные военные учения "Батыл тойтарыс – 2023"

2/6

3/6

4/6

5/6

6/6

Президенттің пікірінше, біздің әскеріміз кәсіби деңгейі жоғары, ұтқыр және ең күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын болуы қажет.
"Ол үшін әскерді жоғары технологиялық қару-жарақпен және сапалы әскери техникамен жарақтандыру, оқ-дәрілермен толықтай қамтамасыз ету айрықша маңызды. Жақында жариялаған Жолдауымда мен жергілікті өнім үлесі жоғары өндіріс циклін құруды тапсырдым. Бронды техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, заманауи атыс қарулары – мұның бәрін біз өзімізде шығара аламыз. Жалпы, қорғаныс-өнеркәсіп кешені әскеріміздің жауынгерлік қабілетіне сенімді тірек болуы қажет", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев офицерлер мен жеке құрамның жауынгерлік машығы мен моральдық рухының жоғары болуы Қарулы күштер тиімділігінің басты факторы екенін айтты
"Әскери даярлыққа және командирлердің кәсібилігіне жоғары талап қойылады. Сондықтан қазіргі заманғы ұрыс жағдайында бөлімшелер негізгі күштен бөлек, дербес әрекет етуге дайын болуы қажет. Командирлер мен бастықтар батыл шешім қабылдап немесе орынды бастама көтеріп, берілген тапсырманы орындау үшін тың тәсіл қолдануы керек. Олар батылдығымен, төзімділігімен және антқа беріктігімен көпке үлгі болуы қажет. Әскердің күші – тәртіпте! Бұл ретте командирлердің атқаратын рөлі ерекше. Қарулы күштердегі дайындықтың жоғары деңгейін, өзара үйлесімділікті және қатаң тәртіпті сақтау қажет. Әрбір сарбаз өзіне сеніп тапсырылған қару мен техниканы жетік меңгеріп, оларды ұрыста шебер қолданып, жедел шешім қабылдап, батылдық танытуы керек", – деп сөзін түйіндеді президент.
"Батыл тойтарыс-2023" оқу-жаттығу жиыны барысында мемлекеттік және әскери басқару органдарының қорғаныс операциясын орындауға дайындығы тексерілді. Әскер барлық деңгейдегі штабтарда қабылданған шешімдерді толық жүзеге асырды.
Оқу-жаттығу жиынына барлығы 8 мың әскери қызметші жұмылдырылып, 600 әскери техника мен қару-жарақ пайдаланылды.
Мемлекет басшысы Батыл тойтарыс-2023 стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Тоқаев мұнарадан бақылап отырды: әскерилер "жау" қолына өткен Қапшағай ГЭС-ін азат етті
Жаңалықтар
0