Хакерлер Қазақстанның электронды қолтаңба жүйесіне шабуыл жасады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Жазылу
Бағдарлама деректерді ұрлайды және қаскүнемге басқа біреудің компьютерін қашықтан басқаруға мүмкіндік береді
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекеттік техникалық қызмет қазақстандықтарға Trojan Downloader зиянды бағдарламасын іске қосатын фишингтік интернет-ресурс анықталғанын ескертті.
Ол Venom RAT v6.0.1 зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету құралын компьютерге орнатады.
Бағдарлама деректерді ұрлайды, веб-камераға қолжетімділік алады және қаскүнемге басқа біреудің компьютерін қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама мемлекеттік қызметтерді алу кезінде NCALayer-ге арналған жаңарту ретінде компьютерге енеді.
Мемлекеттік техникалық қызмет мұндай бағдарламаларды жүктеп, орнатпауға және күдікті сілтемелерге өтпеуге кеңес береді.
"KZ CERT компьютерлік инциденттерге ден қою ұлттық қызметі домендік атаудың шетелдік тіркеушісіне қажет шаралар қабылдау туралы ақпарат жолдады. Сонымен бірге ішкі ақпарат алмасу платформасының көмегімен мемлекеттік органдар мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарына хабарламалар жіберілді"- делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0