Орманшылардың біліктілігін арттыру: Тоқаев жаңа министрге тапсырма берді

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаГлава государства принял министра экологии и природных ресурсов Ерлана Нысанбаева
Глава государства принял министра экологии и природных ресурсов Ерлана Нысанбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Жазылу
Президент орман өртінің ошақтарын ерте анықтауға назар аударыды тапсырды
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Тоқаев жаңа экологиялық заңнаманы жүзеге асыруға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Президент Ірі кәсіпорындардың шығарындыларын азайту жөніндегі жоспардың іске асырылуын, сондай-ақ осы нысандардағы шығарындыларға мониторинг жасау үшін автоматтандырылған жүйе енгізу ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Мемлекет басшысы министрлікке қарасты ведомстволық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және ұлттық парктердегі орман өртінің ошақтарын ерте анықтау жүйелерін тезірек енгізу, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ағаш отырғызуға қатысты ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру және ретсіз пайда болған қоқыс полигондары мәселесін шешудің кешенді тәсілдерін әзірлеу маңызды екеніне назар аударды.
Пожар в Абайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы өрт: қаза болған орманшылардың туыстары жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар
0