Албания президенті Тоқаевты өз еліне шақырды

© Sputnik / Абзал Калиев Ақорда
 Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2023
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Байрам Бегай шағын құрамда келіссөз жүргізді
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Албания президенті Байрам Бегай Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өз еліне сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев пен Бегай Ақордада шағын құрамда кездесу өткізді.
Албания президенті Астанаға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді
"Бұл сапар дипломатиялық байланыстарымыздың 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл біздің саяси қарым-қатынасымыздың жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Енді экономикалық ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер тауып, бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Сізді Албанияға сапармен келуге шақырамын", – деді Байрам Бегай.
Тоқаев шақыруын қабыл алып, Қазақстан астанасына келгені үшін Албания президентіне алғыс айтты.
"Бұл – тарихтағы Албания президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Сіздің ресми сапарыңыз өзара ынтымқатастықты дамыту тұрғысынан өте маңызды. Қазақстан сіздің еліңізбен тығыз қарым-қатынас жасауға ниетті. Біз екі тараптың мүддесіне сай келетін көптеген салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік мол деп санаймыз", - деді Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, Байрам Бегай Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Албания президентінің ресми сапары 8 қыркүйекке дейін созылады.
Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.
Касым-Жомарт Токаев встретил президента Албании Байрама Бегая в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2023
Тоқаев Ақордада Албания президентін қарсы алды
Жаңалықтар
0