Абай облысында табиғатқа 100 млн теңгеден астам залал келтірілген

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуТруба ТЭЦ, архивное фото
Труба ТЭЦ, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Жазылу
Талапты бұзған 58 табиғат пайдаланушыға 15 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек - Sputnik. Абай облысында табиғатты жосықсыз пайдаланушылар қоршаған ортаға 100 млн теңгеден астам залал келтірген, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Абай облысының прокуратурасы табиғат пайдаланушылардан мемлекетке 100 млн теңгеден астам сомаға залалды өтеп алды.

"Жекелеген табиғат пайдаланушылар рұқсат құжаттарынсыз белгіленген лимиттерден артық ластаушы заттарды қоршаған ортаға шығарған. Салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал 100 млн теңгеден асты, олар прокуратура актісі бойынша мемлекет кірісіне өтелді", - дейді ведомство.

Бас прокуратураның айтуынша, барлық табиғат пайдаланушылар қалдықтарды түгендеу және өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындауда талаптарды сақтамайды.
Талапты бұзған 58 табиғат пайдаланушыға 15 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынып, өндірілген.
Врач надевает перчатки в дезинфекционном туннеле больницы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Абай облысының Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды
Жаңалықтар
0