Атырау мұнай өңдеу зауыты бір айға жөндеуге жабылады – бензин бағасы өзгере ме

© Sputnik / Абзал КалиевСитуация на АЗС после повышения цен на бензин
Ситуация на АЗС после повышения цен на бензин - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
Ресейлік бензиннің бағасы шамамен 20 процентке қымбат болады
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Энергетика министрлігі 1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылатынын мәлімдеді. Сол кезде АИ-95 маркалы бензиннің бағасы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, мұнай жөндеу зауытында күрделі жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты зауыт бір айға 1 қазаннан 3 қарашаға дейін жабылады. Ол кезде дизельді отын мен АИ-92 маркалы бензин тапшылығы болмайды. Бірақ АИ-95 маркалы бензиннің жетіспеушілігі сезілуі мүмкін. Сол кезде қосымша өнімді Ресейден жеткізуге болады.
"Қазан айында АИ-95 маркалы бензиннің 65 мың тоннасы өндіріледі деген жоспар бар. Ал тұтыну көлемі 85 мың тоннаны құрайды. Дәл осы айырмашылықты Ресейден алып келуіміз мүмкін. Бірақ бұл нақты емес. Себебі қыркүйек айынан қалатын бензин осы кезеңнен қиындықсыз өтуге мүмкіндік береді", - деді Ақкенженов журналистерге берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, ресейлік бензиннің бағасы шамамен 20 процентке қымбат болады.
"Қазақстандықтарда таңдау болады. Отандық бензин және ресейлік бензин ұсынылады. Ондай жағдай Алматыда болған. Сол кезде Газпром ресейлік бензинді алып келіп, екі түрлі баға қойған болатын", - деп атап көрсетті вице-министр.
Жаңалықтар
0