Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жеткен

© Sputnik / Тимур Батыршин ЕАЭО елдерінің тулары
 ЕАЭО елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
Биыл алты айда тауар айналымы 14 млрд долларға жуықтады
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы рекордтық 29,4 млрд долларға жетті. Бұл туралы Астанада басталған "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында өтіп жатқан пленарлық сессияда премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы 10,4% өсім көрсетіп, рекордтық 29,4 млрд долларды құрады. Бұл үрдіс биыл да жалғасады деген сенімдемін", - деді Смайылов пленарлық сессияда.
Биыл 6 айда тауар айналымы 14 млрд долларға жуықтаған.
Ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев индустрияландыру экономиканы әртараптандырудың негізгі драйверіне айналуы керек екенін бірнеше мәрте атап өткенін еске салды.
"Қазақстан үкіметі жоғары өңдеу кластерін құруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Ең алдымен мұнай, газ, көмір химиясы, металлургия, ауыр машина жасау, автокомпонент өндірісі, уран өнеркәсібі және басқа да сегменттерде. Бұл үшін Қазақстанда жүйелі реформалар жүргізілуде, мемлекеттік қолдау шаралары жетілдіріліп жатыр, инвестиция тартудың проактивті тәсілі енгізілді", - деді үкімет басшысы.
Бүгін Астанадағы "ЭКСПО" алаңында "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі ашылды. Көрмеге Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьерлері арнайы келді.
Иннопром.Қазақстан өнеркәсіптік көрмесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация арқасында 30 жобаны жүзеге асырды – Смайылов
Жаңалықтар
0