Қазақстанда транзиттік авиа жүк тасымалы қайта жандануы мүмкін – "Атамекен"

© пресс-служба ОАК / Медиабанкке өтуСамолет SSJ-100 с импортозамещенным оборудованием выполнил первый полет
Самолет SSJ-100 с импортозамещенным оборудованием выполнил первый полет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Жазылу
Соңғы бес жылда әуе көлігімен транзиттік жүк тасымалы құжаттарды рәсімдеуде болған қиындықтарға байланысты тоқтатылған болатын
АЛМАТЫ, 26 қыркүйек - Sputnik. 1 қазаннан бастап ұлттық авиатасымалдаушы транзиттік жүк тасымалын қайта бастауы мүмкін, деп хабарлады "Атамекен" ұлттық палатасының баспасөз қызметі.
Хабарламада соңғы бес жылда транзиттік декларацияны толтыру кезінде тауарлардың құнын, валютасын және сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодын көрсету қажеттілігіне байланысты мұндай тасымалдар тоқтатылғаны айтылған.
"Дәл осы мәліметтерді" транзит арқылы" ұсыну үлкен кедергі келтірген еді, өйткені ілеспе құжаттары болмады", - делінген хабарламада.
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтің айтуынша, халықаралық жүк тасымалы және осыған байланысты барлық рәсімдер IATA, ICAO құжаттарымен реттеледі. Олар сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы құны, валютасы және коды туралы қажетті мәліметтерді қажет етпейді деп мәлімдеді.
"Біз барлық кедендік рәсімдерді жеңілдету үшін барынша күш салдық және қазақстандық авиакомпаниялар үшін осы талаптарды алып тастау туралы Еуразиялық экономикалық кеңес алқасының келісіміне қол жеткіздік", - деді Жаркенов.
Тимур Жаркенов жүктерді Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға Қазақстан арқылы тасымалдауға мүмкіндігі бар екенін, бұл авиация саласының экономикалық өсуіне серпін беретінін атап өтті.
Хабарламада сондай-ақ қазіргі уақытта Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропаға транзиттік тасымалдар негізінен Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан арқылы өтетіні айтылған. Бірақ ЕАЭО елдері арқылы авиа жүк тасымалы жүзеге асырылмайды.
Нефтяное месторождение - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Қазақстанда жаңа мұнай және газ кен орындары игеріледі – энергетика министрлігі
Жаңалықтар
0