Шығыс Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Жазылу
39 жастағы өзбекстандық ірі көлемде мүлік ұрлады деген күдікке ілінген
АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары Өскемендегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шетел азаматын ұстаған. 39 жастағы өзбекстандық ірі көлемде мүлік ұрлады деген күдікке ілініп, бір жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған.
"Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзбекстан Республикасындағы әріптестерімізге күдіктінің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді", – деді ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.
Айта кетері, жыл басынан бері ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген 80-нен астам адамды ұстаған.
Ружье, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Бішкекте ұсталды
Жаңалықтар
0