Мешітте баланы ұрған имам жұмыстан шығарылды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуВерующий перед намазом
Верующий перед намазом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Бас мүфти "Хидаят" мешітінің имамын жұмыстан шығарыды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, Шелек ауылындағы "Хидаят" мешітінде болған оқиғадан кейін жергілікті билік өкілдері, ауыл тұрғындары, дін қызметкерлері, мешіт жамағаты және баланың ата-анасының қатысуымен арнайы кездесу өтті.
Сол жерде имамы өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабыл алып, екі тарап өзара бітімге келді.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарды және өрескел әрекетке жол берген дін қызметкеріне шара қолданды. Бас мүфтидің бұйрығымен "Хидаят" мешітінің имамы жұмыстан шығарылды", - делінген ресми хабарламада.
Алдағы уақытта осындай келеңсіз оқиғалар орын алмас үшін имамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, имам намаз кезінде баланы шапалақпен ұрып жіберген. Бала шалқасынан құлап түсті. Осы оқиғаның видеосы бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Жаңалықтар
0