ХҚКО қызметкерлері мемлекеттік функцияны орындайтын тұлғаларға теңестіріледі

© Photo : "Правительство для граждан"АвтоЦОН
АвтоЦОН - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2023
Жазылу
Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге "Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Данабек Исабековтің айтуынша, заң жобасында мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін және қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қолжетімділігі бар мемлекеттік корпорация қызметкерлерін мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіру нормасы көзделген. Қылмыстық кодекске және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңға өзгерістер енгізілуде.
"Бұл түзетулер мемлекеттік корпорация қызметкерлері тарапынан теріс пайдалану мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Қолданыстағы заңнамада көзделген құқықбұзушылықтар жасалған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның осы қызметкерлері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендерге теңестірілген ретінде жауапты болады", - деді Исабеков мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен қатар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ұғымын одан қызмет бағыттарына нұсқауларды алып тастау жолымен оңтайландыру көзделген. Бұл бірыңғай провайдер арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін ұлғайту бойынша үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бұған қоса мемлекеттік корпорацияға ақпараттық жүйе аясында өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру құзыреті беріледі. Бұл норма азаматтарға әкімшілік органдарға жүгінуге, жауап алуға, сондай-ақ өтініштерді қарау сапасын бақылауға мүмкіндік беретін пилоттық режимде тексерілген жүйені ("Е-отініш") пайдалануды заңнамалық тұрғыдан бекітеді.
Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2023
ХҚКО-дағы кезекті тағы бір қосымша арқылы брондауға болады
Жаңалықтар
0