7 мұғалімге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы берілді

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметі7 мұғалімге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы берілді
7 мұғалімге Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы құрметті атағы берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2023
Жазылу
Аталған марапат мұғалімдерге салтанатты түрде табысталды
АСТАНА, 5 қыркүйек - Sputnik. Мемлекет басшысы аса үздік жетістіктері және Қазақстанға сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағын берді, деп хабарлайды Ақорда.
Аталған марапат мына мұғалімдерге салтанатты түрде табысталды:
— Еңбек ардагері Майра Мәмбетова (Алматы қаласы);
— Қожаберген жырау атындағы орта мектеп мұғалімі Айжан Қапезова(Петропавл қаласы);
— С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының мұғалімі Роза Салимова (Түркістан облысы);
— А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия мұғалімі Сәбира Күлпейісова (Қарағанды қаласы);
— академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің мұғалімі Сәбит Ибадуллин (Павлодар облысы);
— Райымбек батыр атындағы №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінің мұғалімі Айгүл Ержанова (Астана қаласы);
— Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатының мұғалімі Баян Базарғалиева.
Жаңалықтар
0