Тоқаев Эмомали Рахмонды құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон
Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстанды дамыту жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға Тәжікстан презиентінің қосқан жеке үлесі туралы жоғары пікір білдірді.
Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Душанбеге және Эмомали Рахмонның Астанаға жасаған сапарларының қорытындыларын оң бағалады. Бұл сапарлар қазақ-тәжік қатынастарының ерекше сипатқа ие екенін көрсетті.
Бұдан бөлек, президенттер өңірлік күн тәртібін, сондай-ақ трансшекаралық су көздерін пайдалану және сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Жаңалықтар
0