Қазан айында қай жолдар ақылы болады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
Жазылу
Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жолақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды, деп хабарлады"Қазавтожол".
Бүгіннен бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды.
Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:
2023 жылғы 9 қазанда "Бейнеу-Ақжігіт";
2023 жылғы 10 қазанда "Орал-Самара";
2023 жылғы 14 қазанда "Павлодар-Омбы";
2023 жылғы 16 қазанда "Көкшетау-Петропавл" күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.
Сонымен қатар "Орал-Саратов" жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр.
Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді:
1.
жеңіл көліктер – 0 тг/км (босатылған);
2.
16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;
3.
32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;
4.
32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км;
5.
жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/км;
6.
жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.
Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады.
Жаңалықтар
0