Денсаулық

Күйзеліс гормоны: кортизол туралы не білеміз

© SputnikСтресс. Иллюстративное фото
Стресс. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
Кортизол – бүйрек үсті безінің қыртысында өндірілетін гормон.
Оның түзілуі адренокортикотропты гормонмен реттеледі. "Күйзеліс гормоны" деген қосымша атауға ие болған кортизол туралы толығырақ мәлімет ұсынамыз.

Кортизол деген не

Кортизол – бүйрек үсті безінің гормоны. Оның қызметі – қан қысымын реттеу арқылы ағзаны сыртқы күйзелістен қорғау. Кортизол ақуыздар, көмірсулар және липидтер алмасуына қатысады.
Бүйрек үсті безінің гормонын адамдардың көпшілігі жағымсыз фактор ретінде қабылдайды. Мұның бәрі оның "күйзеліс гормоны" деп аталуына байланысты. Өйткені ол ағза үшін күйзеліс тудыратын жағдайларға реакция ретінде белсенді түрде өндіріле бастайды.
Вздутие живота, болезнь - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Денсаулық
Дисбактериоз: себептері мен белгілері
Жиі жағдайда адамдар дәл осы "күйзеліс гормонын" көптеген жағымсыз жағдайлардың себебі деп санайды. Мысалы, бұл ұйқысыздықты тудыруы мүмкін, бұлшықеттер тығыздығы бәсеңдейді. Ал ағзадағы май адамның арықтау әрекеттеріне қарамастан көптеп жиналады.
Дегенмен мұның бәрі – қандағы кортизолдың нормадан асып кетуінің салдары. Егер сау ересек адамның бүйрек үсті бездері күніне 15-тен 30 мг-ға дейін гормон шығарса, онда бұл толықтай қалыпты жағдай. Бұл мөлшерде кортизол ағзаға сыртқы жағдайларға бейімделуге көмектеседі.

Кортизол қызметі қандай

Кортизол көптеген өмірлік маңызды механизмдерге қатысады. Бұл гормонның атқаратын қызметіне тоқталсақ, оның бір бөлігі мыналар:
ақуыздар, көмірсулар және липидтер алмасуына қатысады;
бірқатар реттеуші функцияларды орындайды, мысалы, бауыр амин қышқылдарынан глюкозаның өндірілуін және энергия алу үшін майлардың ыдырауын ынталандырады;
ағзадағы қабыну процестеріне жауап береді;
көптеген зат алмасу процестеріне қатысады, мысалы, қандағы қант деңгейін реттеуге көмектеседі;
ұйқыдан ояну процесінде рөл атқарады: адам оянғанда, гормон деңгейі көтеріледі де, 30 минуттан кейін шарықтау шегіне жетеді, содан кейін күні бойы бірте-бірте төмендейді.
Кортизол деңгейінің жоғары болуы қандай салдарға әкеледі
семіздік;
күйзеліс және депрессия;
қалқанша безінің гиперфункциясы;
ағзаның инфекцияларға төзімділігінің төмендеуі;
бүйрек үсті бездерінде түйіндеп пайда болуы.
Кортикостероидтардың, негізінен кортизолдың шамадан тыс өндірілуі – гиперкортицизм – көбінесе кортизол синтезінің реттеуші механизмдерінің бұзылуының салдарынан болады.
Танец - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2023
Денсаулық
Остеохондроз: пайда болу себептері мен емдеу жолдары

Гиперкортицизмнің негізгі белгілері:

қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы және инсулинге төзімділіктің бір мезгілде қалыптасуымен глюкозаға төзімділіктің төмендеуі;
қандағы Na+ иондарының концентрациясының жоғарылауы нәтижесіндегі артериялық гипертензия;
ақуыз ыдырауының жоғарылауы;
сүйек тінінде кальций мен фосфаттың жоғалуының үдеуіне байланысты остеопороз;
өсу мен жасуша бөлінуінің төмендеуі – лейкопения;
иммун тапшылығы;
терінің жұқаруы;
асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы;
ағзадағы коллаген және басқа құрылымдық ақуыздар синтезінің бұзылуы;
денеде түктің шамадан тыс өсуі;
қызғылт жолақтардың пайда болуы.

Күйзеліс пен кортизол қалай байланысты

Дене физикалық немесе психологиялық қауіп-қатерді сезінгенде, ми бүйрек үсті бездеріне сигнал жібереді де, олар кортизол өндіру арқылы жауап береді. Осы гормонның арқасында концентрация жақсарады, қан айналымы және глюкоза синтезі артады. Мұның бәрі бірлесіп денеге күйзеліске сәтті төтеп беру үшін қосымша энергияны шығаруға көмектеседі.
Правильное питание - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2023
Денсаулық
Тағамдық аллергия: неден туындайды және қалай емдейді
Негізінде, кортизол күйзеліс жағдайында ағзаның жұмысын қамтамасыз етеді және ең көне эволюциялық механизм – "күресу немесе қашу" шешімін тез қабылдауға көмектеседі. Дегенмен табиғат адам ұзақ уақыт бойы күйзеліс жағдайында болады деп күтпеген. Сондықтан ағзадағы кортизол қоры шексіз емес.
Қазіргі уақытта күйзеліс ежелгі дәуірдегідей өмірге төнген нақты қауіп емес. Бұл қоғамның қым-қуыт тіршілігінде әрбір минут сайын пайда болатын қысымы. Оған бүгінгі медианың дамуы да ықпал етеді.

Кортизол деңгейін қалай білуге ​​болады

Кортизол деңгейін анықтау үшін бірнеше сынақ түрлері қолданылады. Ол үшін қан, сілекей немесе зәр талдауы жүргізіледі. Егер адамда семіздік, жоғары қан қысымы, қан құрамындағы жоғары қант деңгейі, жүйке-бұлшықет бұзылыстары, етеккірдің болмауы және басқа патологиялар болған жағдайда тағайындалады.
Псориаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Денсаулық
Псориазды емдеу және алдын алу жолдары

Кортизол деңгейі жоғары: не істеу керек

Ағзадағы кортизол деңгейі жоғары болған жағдайда, оның көлемін қалыпқа келтіру үшін күнделікті режимге оралып, спортпен айналысу және дұрыс тамақтану керек.
Сонымен қатар, кортизолдың қалыпты деңгейін тұрақты ұстап тұру үшін адам өз жүйке жүйесін күйзеліске төзімділікке үйретуі керек. Мазасыздықтың жоғарылауымен күресу үшін когнитивті мінез-құлық терапиясының тиімділігі дәлелденген.
Сондай-ақ кортизол деңгейін қалыпқа келтіру үшін мына кеңестерді де ескеру керек:
Демалуды үйреніңіз. Күйзеліске түсіретін жағдайлардан толығымен бойды аулақ ұстау мүмкін емес. Бірақ олардың өз өміріңізге әсерін азайтуға болады. Ол үшін жиі демалу, массажға бару, 7-8 сағаттық ұйқы режимін сақтау ұсынылады.
Тиімді рацион қалыптастырыңыз. Ол кортизолды төмендететін тағамдарға бай болуы керек. Бұл құрамында полифенолдардың мөлшері көп өнімдер. Мысалы, ашытылған сүт өнімдері, көк шай, банан, қара шоколад. Қантты тұтынуды азайту ұсынылады.
Су ішу режимін сақтаңыз. Адам күніне шамамен 1,5-2 литр су ішуі керек. Бұған шай, кофе, шырын және тағы басқа құрамында қоспалары бар сұйықтықтар кірмейді. Бұл ағзаның жағдайын жақсартады және сусыздануын болдырмайды.
Кортизол деңгейінің жоғары немесе төмен болуының белгілерін байқаған жағдайда бірден тиісті дәрігерге жүгіну керек. Тек білікті маман ғана қажетті тексеру жүргізіп, сәйкесінше ем шараларын тағайындайды.
Болезнь - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2023
Денсаулық
Асқазан-ішек жолдары аурулары: белгілері мен емдеу жолдары
Жаңалықтар
0