Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей әскері Работино және Вербовое аумағында Украина күштеріне соққы берді

© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуОбучение операторов БПЛА ЦВО
Обучение операторов БПЛА ЦВО   - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Ресей әскерилері Работино және Вербовое елді мекендері аумағында Украина Қарулы күштерінің 82-ші десанттық-шабуылдаушы және 65-ші механикаландырылған бригадаларының орналасқан жерлеріне соққы берді, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
"Қарсыластың шығыны: 80-нен астам әскери қызметкер, бір танк, үш пикап, Д-30 гаубицасы және М-46 зеңбірегі", - делінген ведомство хабарламасында.
Донецк бағытында Оңтүстік топтың әскери құрамалары ДХР-нің Клещеевка ауданындағы екі шабуылды тойтарған.
Сондай-ақ Курдюмовка мен Андреевка маңында Украина қарулы күштерінің жеке құрамы мен техникасы шоғырланған аймақтарға да соққы жасалған.
Жаңалықтар
0