Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей авиациясы Купянск маңында Украина күштерінің бригадаларына 14 рет соққы жасады

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуРабота артиллерийских расчетов в зоне СВО
Работа артиллерийских расчетов в зоне СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Жазылу
Ауыр атыс қондырғыларының экипаждары Макеевка ауданындағы украиналық 4-ші танк бригадасының взвод бекіністеріне екі рет соққы жасады
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ресейлік "Батыс" тобының тікұшақтары мен шабуылдаушы ұшақтары Украина қарулы күштерінің Купянск бағытындағы бригадаларына 14 рет соққы жасады. Бұл туралы топтың баспасөз орталығының басшысы, полковник Сергей Зыбинский мәлім етті, деп хабарлады РИА Новости.
"Купянск бағытында Ка-52 және Ми-28 шабуылдау тікұшақтарының экипаждары, "Батыс" әскерлер тобының шабуылдаушы авиациясының ұшақтары Синьковка, Ивановка, Стельмаховка және Берестовое елді мекендеріндегі 25-ші десанттық бригаданың, 14 және 32-ші механикаландырылған бригадалардың адам күшін, қару-жарағын және әскери техникасына 14 ракеталық-бомбалық шабуыл жасады", - деді офицер.
Ауыр атыс қондырғыларының экипаждары Макеевка ауданындағы украиналық 4-ші танк бригадасының взвод бекіністеріне екі рет соққы жасады.
Жаңалықтар
0