ЕАЭО мен АСЕАН арасындағы ынтымақтастық ауқымы әзірге оңтайлы емес – министр

© PhotoЕАЭО елдерінің тулары
ЕАЭО елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев ЕАЭО мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) арасындағы ынтымақтастық туралы айтты.
"ЕАЭО мен АСЕАН арасындағы инвестициялық өзара іс-қимыл мен сауда ауқымы әзірге оңтайлы емес. Серіктестік инфрақұрылымын жақсартып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайту қажет", - деді Сергей Глазьев конференцияда.
ЕЭК қазірдің өзінде бұған күш салып жатыр. ЕЭК пен АСЕАН арасында экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан бері өткен бес жыл ішінде АСЕАН хатшылығымен тығыз байланыс орнатылды. Тұрақты негізде ірі бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды, оның мақсаты – интеграциялық тәжірибе алмасу ғана емес, бизнес-қоғамдастықтардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін тікелей каналдар құру.
"Біз өз тарапымыздан тауар айналымын ұлғайту, кедергілерді жою, преференциялық сауда режимдерін кеңейту үшін барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз", - деді Сергей Глазьев.
Ол ЕАЭО мен Индонезия арасында осы тұрғыда еркін сауда туралы келісім жасау бойынша келіссөз жүргізіліп жатқан атап өтті.
Флаги стран-участниц и наблюдателей ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2023
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 1,2%-ке өсті - Ұлттық статистика бюросы
Жаңалықтар
0