Шаңырақ көтергісі келетін жастар отбасын жоспарлау бойынша оқытудан өтуі мүмкін

© Photo : СС0 / Frank WinklerСвадьба
Свадьба - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Жазылу
Қазір пилоттық жоба Астана мен Шымкент қалаларында іске қосылған
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін отбасын құруға ниет білдірген қыз-жігіттермен қандай жұмыс жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, профилактикалық жұмыстардың негізі – отбасын саналы түрде құруға мүмкіндік жасау.
"Осыған орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қорымен бірлесіп Астана мен Шымкент қалаларында пилоттық жоба іске қосылды. Онда неке қиюға өтініш білдірген азаматтарға отбасын жоспарлау, психология, репродуктивті денсаулық, ортақ бюджетті жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер бойынша тегін кеңес беру, оқыту қарастырылған. Нәтижесі сәтті болса, осы тәжірибені барлық өңірге енгізуді қолға аламыз", - деді Балаева үкімет отырысында.
Сондай-ақ жыл соңына дейін "Бақытты қазақстандық отбасы" интерактивті нұсқаулық әзірленеді. Некеге тұратын жұптардың отбасылық дәстүрлері мен рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ақпараттар "Электронды үкімет" жүйесінде бейнеролик түрінде көрсетіледі. Некеге тұруға онлайн өтініш берген азаматтар осы нұсқаулықпен міндетті түрде танысып шығуға тиіс, деді мәдениет министрі.
Жаңалықтар
0