Атырау облысында өзенге батып кеткен көліктен екі адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Павел Петров Архивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Жазылу
16 қазан күні автокөліктің қатты жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батып кеткен сәті видеокамераға түсіп қалған
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Атырау облысында көлік өзенге батып, екі адам көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
17 қазан күні учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне қарай жүрген автокөліктің ізі табылғанын хабарлаған.
"Осы хабарлама бойынша Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды. Көлік ішінен 1971, 1981 жылы туған екі ер адамның денесі табылды. Дене жарақаты анықталмаған", - деп жазылған хабарламада.
16 қазан күні сағат 23:18 шамасында автокөліктің қатты жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батып кеткен сәті видеокамераға түсіп қалған. Сот медицина сараптамасы тағайындалды.
Жаңалықтар
0