Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Арнайы әскери операция: Купянск бағытында 11 шабуылға тойтарыс берілді

© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуЗенитно-ракетный дивизион
Зенитно-ракетный дивизион  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2023
Жазылу
Арнайы әскери операция аймағында Ресей Қарулы күштерінің "Батыс" әскери тобының бақылауындағы аймақтағы жағдай туралы топтың баспасөз орталығының басшысы Сергей Зыбинский айтып берді
АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. Купянск бағытында "Батыс" әскер тобының бөлімшелері Синьковка, Ивановка, Новоегоровка және Макеевка аудандарында 14, 32, 115-ші механикаландырылған, 68-ші егерь және 95-ші десанттық-шабуылдау бригадаларының 11 шабуылына тойтарыс берді, деді баспасөз орталығының басшысы.
Сонымен қатар ауыр огнемет жүйелерінің есептоптары Сергеевка мен Тимковка ауданындағы 32-ші механикаландырылған бригада мен 3-ші шекара жасағының бас сауғалау орындарында шоғырланған адам күшіне соққы жасады, деді ол.
Батареяға қарсы күрес кезінде топтың әскери қызметкерлері Песчаный, Куриловка, Шевцов Яр жылғасы және Уроки шатқалы аудандарында 122 миллиметрлі өздігінен жүретін артиллериялық 2С1 "Гвоздика" қондырғысын, 152 миллиметрлі өздігінен жүретін артиллериялық 2С3 "Акация" қондырғысын, миномет есептобын, AN /TPQ-36 батареяға қарсы күрес жүйесінің радиолокациялық станциясын және пилотсыз ұшу аппаратының басқару пунктін жойды, деді Зыбинский.
Топтың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Загрызово ауданында Ми-8 тікұшағын жойды.
Қарсы тараптың жалпы шығыны 70-ке дейін әскери қызметкерді, бір танкті, М113 броньдалға тасымалдаушы техника мен үш пилотсыз ұшу аппаратын құрады, деді Зыбинский.
Жаңалықтар
0