Димаш Құдайберген Қазақстанның халық әртісі атағы үшін алғыс айтты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев наградил Димаша
Токаев наградил Димаша - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2023
Жазылу
Бір күн бұрын Димаш пен бірқатар өнер қайраткеріне Қасым-Жомарт Тоқаев осы атақты берген болатын
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде Қазақстанның халық әртісі атағы берілгені үшін алғысын білдірді.
"Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан биік емеспін", – деп ризашылығын білдірген Димаш ҚазКСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың сөзін келтірді.
Димаш 24 жыл бұрын үйдегі мерекелердің бірінде түсірілген видоны жариялады. Кадрда ол бес жасында синтезаторда ойнап отырады да, содан кейін оны әзілдеп "халық әртісі" деп атайды.
Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнер қайраткеріне "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын берді. Олардың қатарында Димаш Құдайберген де бар.
Жаңалықтар
0