Оралда жергілікті нарықта баламасы жоқ зауыт ашылды

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2023
Жазылу
Зауытта өндірілетін қапшықтар дәнді-дақыл мен минералды тыңайтқыш түрлерін, тұз және цемент салуға қолайлы
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Оралда жергілікті нарықта баламасы жоқ өндіріс орны ашылды. Жаңа зауытта түрлі жүк салуға арналған биг-бэг дайындалады, деп хабарлады Хабар 24.
Тауар еліміздің біраз өңірімен қатар, шетелге де сатылмақ. Жұмысқа жергілікті тұрғындар қабылданып жатыр. Республика күні қарсаңында зауыт салтанатты түрде іске қосылды.
Зауытта өндірілетін қапшықтар дәнді-дақыл мен минералды тыңайтқыш түрлерін, тұз және цемент салуға қолайлы. Нарықта мұндай тауарға сұраныс толастамайды. Өндіріс орнында жылына 5 млн астам биг-бэг және 60 мың вагон жабындысы жасалады екен.
"Өнімнің басым бөлігі батыс елдеріне экспортқа шығарылады. Міне, мына жерде Белгияға жіберілетін тауар жиынтығы дайын тұр. Ал шикізатты отандық кәсіпорындардан да, көрші елден де алып жатырмыз. Жобаға 3 млн доллар жұмсадық", - дейді зауыт директоры Герман Медведев.
Өндіріс орнында 100-ден астамжұмыс орныашылды. Әзірге 30 шақты адам еңбек етіп жатыр. Компания оларды кәсіби мамандардың көмегімен арнайы оқытқан.
"Үйретті. Мәскеуге барып, 10 күн оқып келдік. Содан осында келіп отырып, тігіп жатырмыз. Бұған дейін вахтада жұмыс істедім. Қазір жұмысым үйдің қасында", - дейді тігінші Серік Хабибуллин.
Биыл облыстың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 430 млрд теңге болды. Былтырмен салыстырғанда 27 пайызға артқан.
"Тұрып қалған механикалық зауыттың ғимаратындабүгін жақсы өндіріс ашылып жатыр. Осы жоба тек БҚО үшін емес, еліміздің дамуына үлкен әсерін тигізеді", - деп атапөтті облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Әкімдік өкілдері жыл соңына дейін инвестиция көлемін 600 млрд теңгеге жеткізу көзделгенін айтады.
Жаңалықтар
0