Палестинадағы босқындарға арналған нысандарда орын жоқ – БҰҰ

© AFP 2024Палестинские беженцы из Газы во время эвакуации в Иорданию
Палестинские беженцы из Газы во время эвакуации в Иорданию  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2023
Жазылу
Палестинада 600 мыңға жуық босқын 150 нысанда шоғырланған
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Палестинада 600 мыңға жуық жергілікті тұрғын 150 нысанда шоғырланған, паналау орындарындағы адамдар саны белгіленген көлемнен төрт есе көп, деп хабарлайды РИА Новости БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.
"Ел ішінде қоныс аударғандар саны 600 000-ға жуық... Олар БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің нысандарын паналап отыр. Бұл нысандарда адамдарды орналастыру мүмкіндігі төрт еседен асып түсті", - деп жазылған агенттік мәлімдемесінде.
Паналау орындарының толып кетуіне байланысты көп адам көшеде ұйықтауға мәжбүр екені айтылды.
Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш ХАМАС шабуылдарының "себеп жоқ жерден болмағанын" айтып, Израильді "Палестинаны 56 жыл бойы тұншықтыратын оккупацияда" ұстап келді деп айыптады.
Бұған жауап ретінде Израильдің тұрақты өкілі Гилад Эрдан Гуттерешті БҰҰ-ны басқаруға жарамсыз деп атап, дереу отставкаға кетуге шақырды.
Жаңалықтар
0