Батыс және жаңадан құрылған өңірлердің талапкерлері үшін қандай білім гранттары бар

© Photo : vidhyarthidarpanСтуденты на занятиях
Студенты на занятиях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2023
Жазылу
Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлері еліміздің 41 жетекші ЖОО-да оқуға мүмкіндік алды
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. 2023-2024 оқу жылына батыс, халық тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған өңірлерден келген жастарға 5000 грант бөлінді, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Оның ішінде Атырау облысының жастарына 1500 грант, Маңғыстау облысының – 1500, Түркістан облысының – 500, Шымкент қаласының - 400, Абай облысының - 500, Жетісу облысының - 300, Ұлытау облысының - 300.
Ведомсто мәдіметінше, бөлінген гранттар толықтай игерілді.
"2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша білім беру грантының жаңа түрі – "Халық тығыз орналасқан және батыс өңірлердегі жетекші жоғары оқу орындарында жастарды оқытуға арналған нысаналы білім беру гранты" айқындалды. Бұл Атырау және Маңғыстау облыстарының мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарында оқу үшін нысаналы гранттар алуға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.
Білім беру гранттары педагогикалық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары сияқты дайындық бағыттары бойынша бөлінген.
Нысаналы білім беру гранттарының негізінде Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлері еліміздің 41 жетекші ЖОО-да оқуға мүмкіндік алды.
Жаңалықтар
0