Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын кеңейтіп, транзиттік тасымалдарды ұлғайтады

 Qazaq Air ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Жазылу
Сонымен қатар QAZAQ AIR әуе компаниясының Новосибирск пен Челябіге ұшатын рейстерінің санын көбейту туралы келісілді
АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. Қазақстан мен Ресей өзара әуе қатынасын кеңейтуге және елдер арасындағы транзиттік тасымалдарды ұлғайтуға келісті, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Түркістанда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 24-ші отырысында тараптар логистика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын айтты.
Әуе көлігі саласында Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын өзара кеңейтуге келісті. Сонымен қатар Qazaq AIR-дің Новосибирск пен Челябинскіге әуе рейстері көбейетін болды.
Хабарламада екі елдің аумағы бойынша транзиттік тасымалдарды ұлғайту, автожол инфрақұрылымын бірлесіп дамыту және Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту жоспарланып отырғаны айтылды.
Сонымен қатар қатысушылар электр энергетикасы және мұнай-газ салаларындағы ынтымақтастықты ары қарай дамытуды талқылады, тұрғын үй комманалдық шаруашылығында бірқатар жаңа жобаларды іске асыру перспективаларын қарастырды.
Ресей - Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі, екіжақты тауар айналымы өткен жылдың қорытындысы бойынша 9,5%-ке өсіп, 2023 жылғы қаңтар-тамызда 2 27 млрд-қа жетті.
Ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасына салынған қаражат көлемі бойынша негізгі инвесторлардың бестігіне кіреді. 17 жыл ішінде Ресей Федерациясынан инвестициялар ағыны 19 миллиард долларға жетті. Ал Ресейге қазақстандық инвестициялар 5,6 млрд доллардан асты.
Жаңалықтар
0