Тұрғындардың 425 млн теңгесін қалтаға басқан қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Жазылу
Жалпы тартылған салымшылардың саны – 425 адам
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша "Chia Tai Tianging Pharmaceutical" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты істі аяқтап, сотқа жіберді, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Ведомствоныңмәліметінше, күдіктілер өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен.
"Бұл ретте, "Chia Tai Tianging Pharmaceutical" жеке тұлғалардың ақшасын тартып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген. Жалпы тартылған салымшылардың саны – 425 адам. Олар 523 млн теңге сомасына, оның ішінде 490 млн теңгеге жуық сомаға 411 азамат жәбірленуші деп танылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0