"Бауырластығымыздың айқын көрінісі": Әзербайжан президенті Тоқаевқа не үшін алғыс айтты

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіИльхам Әлиев
Ильхам Әлиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Жазылу
Саммитте Әлиев Қарабақ инфрақұрылымын қалпына келтіруге үлес қосып жатқан бауырлас мемлекеттерге өз алғысын жеткізді
АСТАНА, 3 қараша - Sputnik. Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан президенті мен халқына алғысын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Саммитте Әлиев қайтарылған Қарабақ жерлеріне тоқталып, инфрақұрылымын қалпына келтіруге үлес қосып жатқан бауырлас мемлекеттерге өз алғысын жеткізді.
"Мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа креативті орталық үшін алғыс айтамын. Оны Қазақстан бізге сыйға тартты. Қазір орталық Физули қаласында салынып жатыр. Бұның барлығы – біздің достығымыз бен бауырластығымыздың айқын көрінісі", - деді Әлиев.
Ал Өзбекстан Физули қаласына мектеп салып берді. Жаңа нысан биыл тамыз айында ашылды.
Оның айтуынша, қазіргі кезде әзербайжандықтар өз жеріне біртіндеп қайтып жатыр. Ол жаққа 2026 жылға дейін 140 мың адам көшіп барады.
Айта кетері, Қазақстан Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылық даму орталығын салып береді. Өнер орталығының жалпы ауданы – 3100 шаршы метр. Екі қабатты ғимарат 600 адамға арналған. Биыл қыркүйек айында жаңа нысанның іргетасы қаланып, 2023 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі.
Физули қаласындағы Құрманғазы атындағы шығармашылық орталығы музыка және музыкалық аспаптар, заманауи технологиялар: жұмыс жабдықтары, 3D модельдеу, веб-дизайн, фото және видео курстар бағытында жұмыс істемек. Сонымен қатар кілем тоқуға, қолөнерге, түрлі спорт пен хореографияға баулитын сыныптар ашылады.
Мирзиёев Израиль-Палестина қақтығысы бойынша ұйымның ортақ ұстанымын жариялауға шақырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Мирзиёев Израиль-Палестина қақтығысы бойынша ұйымның ұстанымын жариялауға шақырды
Жаңалықтар
0