Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны расталды

Болат Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"71-ге қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кейінірек Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана да ақпаратты растады.
"2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09.51-де Болат Назарбаев қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ Болат Назарбаев бүгін көз жұмғанын хабарлаған болатын.
Болат Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2023
Болат Назарбаев қайтыс болды – БАҚ
Жаңалықтар
0