Қар, жел, көктайғақ: синоптиктер 22 қарашадағы ауа райын болжады

© Sputnik / Vladimir Fedorenko / Медиабанкке өтуЗаснеженное дерево на Ленинском проспекте в Москве
Заснеженное дерево на Ленинском проспекте в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Синоптиктер 22 қарашадағы ауа райын болжады.
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігіне Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтар әсер етеді, осыған байланысты жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын түседі.
Еліміздің оңтүстігінде қатты жаңбыр, батысында, солтүстік-батысында, таулы аудандарда - қатты жауын-шашын жауады. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің 23-28 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігінде желдің 23-28 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал.
Жаңалықтар
0